Жетісуда мұғалімдер екі жыл бойы үстемеақы алмаған

Мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Sputnik
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Жетісу облысында екі жыл бойы үстемеақы алмаған мұғалімдердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Тексеріске сәйкес, жиырмадан астам мұғалімнің жалақысына тиісті үстемеақы төленбеген. Мәселен, Ақсу ауданындағы өнер мектебінің музыка пәнінің мұғалімі 2021 жылы аттестациядан өткеннен кейін оқытушы-зерттеуші біліктілік санатын алған. Алайда оған осы біліктілік санаты үшін негізгі жалақыға 68 мың теңге көлемінде ай сайынғы қосымша төлем берілмеген.
"Тағы 23 мұғалімге мұндай үстемеақы берілмеген, ал төленбеген қаражаттың жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асқан", - дейді прокурорлар.
Қадағалау актісі бойынша мұғалімдерге тиісті қаражат төленді. Ал мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда облысында жемқорлық жасаған 36 мектеп директоры жазаланды