https://sputnik.kz/20231115/qyzylorda-oblysynda-zhemqorlyq-zhasagan-36-mektep-direktory-zhazalandy-40178767.html
Қызылорда облысында жемқорлық жасаған 36 мектеп директоры жазаланды
Қызылорда облысында жемқорлық жасаған 36 мектеп директоры жазаланды
Sputnik Қазақстан
Олар жұмыс істемейтін бөтен адамдарға еңбекақы төлеу арқылы 543 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлаған 15.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-15T21:53+0500
2023-11-15T21:53+0500
2023-11-15T21:53+0500
қызылорда облысы
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:192:3001:1880_1920x0_80_0_0_0de4afdb79c701144fcdfde69b3da1e8.jpg
ҚЫЗЫЛОРДА, 15 қараша – Sputnik. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жарты миллиард теңгені жымқырған білім саласының 36 қызметкері жазаланды.Биыл сәуірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еңбекақы төлеу қорынан жарты миллиардқа жуық теңге жымқырды деген күдікпен Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен бас экономисін ұстап, кейін қамауға алған болатын.Қазіргі уақытта тергеу бітіп, іс сотқа жолданды. Бұл туралы Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажанов айтты.Ұрлық жасағаны үшін айыпталушылар сотталады. Ал "өлі жандар" жұмыс істеген Жаңақорған мектептерінің директорлары жазаланды."29 мектеп директорына қатысты тәртіптік жаза қолданылды, жетеуі қызметтен босатылды", - деді білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте облыстық білім басқармасының бастығы Асқарбек Есжанов.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_84:0:2751:2000_1920x0_80_0_0_556a91bc70c41ebd228d21c149216b02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы
Қызылорда облысында жемқорлық жасаған 36 мектеп директоры жазаланды
Олар жұмыс істемейтін бөтен адамдарға еңбекақы төлеу арқылы 543 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлаған
ҚЫЗЫЛОРДА, 15 қараша – Sputnik. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жарты миллиард теңгені жымқырған білім саласының 36 қызметкері жазаланды.
Биыл сәуірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еңбекақы төлеу қорынан жарты миллиардқа жуық теңге жымқырды деген күдікпен Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен бас экономисін ұстап, кейін қамауға алған болатын.
"Ұсталғандар білім беру мекемелерінде жұмыс істемейтін бөтен адамдарға еңбекақы төлеу арқылы 543 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді", – деп хабарлады сол кезде Антикор.
Қазіргі уақытта тергеу бітіп, іс сотқа жолданды. Бұл туралы Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажанов айтты.
Ұрлық жасағаны үшін айыпталушылар сотталады. Ал "өлі жандар" жұмыс істеген Жаңақорған мектептерінің директорлары жазаланды.
"29 мектеп директорына қатысты тәртіптік жаза қолданылды, жетеуі қызметтен босатылды", - деді білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте облыстық білім басқармасының бастығы Асқарбек Есжанов.