https://sputnik.kz/20240424/zhetisuda-mugalimder-eki-zhyl-boyy-ustemeaqy-almagan-43848463.html
Жетісуда мұғалімдер екі жыл бойы үстемеақы алмаған
Жетісуда мұғалімдер екі жыл бойы үстемеақы алмаған
Sputnik Қазақстан
Мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды 24.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-24T08:00+0500
2024-04-24T08:00+0500
2024-04-24T08:00+0500
мұғалім
үстемеақы
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_85a0ee0e5d4e9f80b19fb2c66dfdb337.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Жетісу облысында екі жыл бойы үстемеақы алмаған мұғалімдердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.Тексеріске сәйкес, жиырмадан астам мұғалімнің жалақысына тиісті үстемеақы төленбеген. Мәселен, Ақсу ауданындағы өнер мектебінің музыка пәнінің мұғалімі 2021 жылы аттестациядан өткеннен кейін оқытушы-зерттеуші біліктілік санатын алған. Алайда оған осы біліктілік санаты үшін негізгі жалақыға 68 мың теңге көлемінде ай сайынғы қосымша төлем берілмеген."Тағы 23 мұғалімге мұндай үстемеақы берілмеген, ал төленбеген қаражаттың жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асқан", - дейді прокурорлар.Қадағалау актісі бойынша мұғалімдерге тиісті қаражат төленді. Ал мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
https://sputnik.kz/20231115/qyzylorda-oblysynda-zhemqorlyq-zhasagan-36-mektep-direktory-zhazalandy-40178767.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0ee83c5bec3dc6b5908c0e5e5f7adda6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, үстемеақы
Жетісуда мұғалімдер екі жыл бойы үстемеақы алмаған
Мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Жетісу облысында екі жыл бойы үстемеақы алмаған мұғалімдердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Тексеріске сәйкес, жиырмадан астам мұғалімнің жалақысына тиісті үстемеақы төленбеген. Мәселен, Ақсу ауданындағы өнер мектебінің музыка пәнінің мұғалімі 2021 жылы аттестациядан өткеннен кейін оқытушы-зерттеуші біліктілік санатын алған. Алайда оған осы біліктілік санаты үшін негізгі жалақыға 68 мың теңге көлемінде ай сайынғы қосымша төлем берілмеген.
"Тағы 23 мұғалімге мұндай үстемеақы берілмеген, ал төленбеген қаражаттың жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асқан", - дейді прокурорлар.
Қадағалау актісі бойынша мұғалімдерге тиісті қаражат төленді. Ал мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.