АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысына қайта келді, деп хабарлайды ТЖМ.
Ведомство басшысы Бөрлі ауданының елді мекендерінде салынған қорғаныс бөгеттерін тексерді.
Айта кетері, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірдің кейбір ауылдарын су басу қаупі әлі де сақталуда.
ТЖМ тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, ТЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз жерлерге эвакуациялануды сұрайды.
Қажет болған жағдайда "112" телефон нөміріне хабарласуға болады.
Су тасқыны
19 сәуір сағат 19.00-дегі ақпарат бойынша республика бойынша су басқан елді мекендерден 118 мың адам, оның ішінде 44 мың бала құтқарылды. 20 823 адам үйлеріне оралды.
Эвакуациялау пункттерінде 8 768 адам, оның ішінде 3 839 бала бар.
10,7 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,6 миллионнан астам қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселді. 4 435 тұрғын үй мен 2 763 аула аумағынан су бұрылды.
Зардап шеккен өңірлерге 5029 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.