https://sputnik.kz/20240420/totenshe-zhagday-ministri-bqo-ga-qayta-bardy-43790738.html
Төтенше жағдай министрі БҚО-ға қайта барды
Төтенше жағдай министрі БҚО-ға қайта барды
Sputnik Қазақстан
Облыста кейбір ауылдарды су басу қаупі әлі де сақталып отыр 20.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-20T09:04+0500
2024-04-20T09:04+0500
2024-04-20T10:03+0500
өңірлер
батыс қазақстан облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/14/43791026_0:47:897:552_1920x0_80_0_0_c4afd0e68b814608771ca5916815e719.png
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысына қайта келді, деп хабарлайды ТЖМ.Ведомство басшысы Бөрлі ауданының елді мекендерінде салынған қорғаныс бөгеттерін тексерді.Айта кетері, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірдің кейбір ауылдарын су басу қаупі әлі де сақталуда.ТЖМ тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, ТЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз жерлерге эвакуациялануды сұрайды.Қажет болған жағдайда "112" телефон нөміріне хабарласуға болады.Су тасқыны19 сәуір сағат 19.00-дегі ақпарат бойынша республика бойынша су басқан елді мекендерден 118 мың адам, оның ішінде 44 мың бала құтқарылды. 20 823 адам үйлеріне оралды.Эвакуациялау пункттерінде 8 768 адам, оның ішінде 3 839 бала бар.10,7 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,6 миллионнан астам қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселді. 4 435 тұрғын үй мен 2 763 аула аумағынан су бұрылды.Зардап шеккен өңірлерге 5029 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
https://sputnik.kz/20240419/bozymbaev-bulingen-mulik-ushin-zalaldy-oteu-algoritmin-azirleudi-tapsyrdy-43790175.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/14/43791026_0:0:882:661_1920x0_80_0_0_3ba218b9c430aa2f66e69cf0934c870a.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, су тасқыны
батыс қазақстан облысы, су тасқыны
Төтенше жағдай министрі БҚО-ға қайта барды
09:04 20.04.2024 (жаңартылды: 10:03 20.04.2024) Облыста кейбір ауылдарды су басу қаупі әлі де сақталып отыр
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысына қайта келді, деп хабарлайды ТЖМ.
Ведомство басшысы Бөрлі ауданының елді мекендерінде салынған қорғаныс бөгеттерін тексерді.
Айта кетері, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірдің кейбір ауылдарын су басу қаупі әлі де сақталуда.
ТЖМ тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, ТЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз жерлерге эвакуациялануды сұрайды.
Қажет болған жағдайда "112" телефон нөміріне хабарласуға болады.
19 сәуір сағат 19.00-дегі ақпарат бойынша республика бойынша су басқан елді мекендерден 118 мың адам, оның ішінде 44 мың бала құтқарылды. 20 823 адам үйлеріне оралды.
Эвакуациялау пункттерінде 8 768 адам, оның ішінде 3 839 бала бар.
10,7 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,6 миллионнан астам қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселді. 4 435 тұрғын үй мен 2 763 аула аумағынан су бұрылды.
Зардап шеккен өңірлерге 5029 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.