https://sputnik.kz/20240419/bozymbaev-bulingen-mulik-ushin-zalaldy-oteu-algoritmin-azirleudi-tapsyrdy-43790175.html
Бозымбаев бүлінген мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды
Бозымбаев бүлінген мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 сәуір - Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бейінді министрліктерге екі күн мерзімде су тасқыны салдарынан жоғалған немесе... 19.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-19T22:17+0500
2024-04-19T22:17+0500
2024-04-19T22:17+0500
су тасқыны
өтемақы
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605174_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_ec993a6eaeadc8aa3c7f87fb7ded72e7.jpg
АЛМАТЫ, 19 сәуір - Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бейінді министрліктерге екі күн мерзімде су тасқыны салдарынан жоғалған немесе бүлінген бірінші қажеттіліктегі мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды.Мұндай мүліктің тізіміне: тамақ сақтауға және дайындауға арналған заттар, тамақ ішуге және ұйықтауға арналған жиһаз заттары, азаматтарды ақпараттандыру құралдарының заттары, сумен жабдықтау және жылыту құралдары кіреді.Бұл өтемақыны жергілікті атқарушы органдар бюджет және бюджеттен тыс қаражаттан қарастыратын болады.Бұған дейін 8кімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттен қандай көмек күте алады деген жадынама жариялаған болатын.Бұдан басқа, Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша екі күн ішінде үлкен судан зардап шеккен егістік жер иелері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық көмек көрсету алгоритмі әзірленетін болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43605174_169:0:2900:2048_1920x0_80_0_0_41a8c71b7adbddbef7e4ef0f19a94a4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, өтемақы
АЛМАТЫ, 19 сәуір - Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бейінді министрліктерге екі күн мерзімде су тасқыны салдарынан жоғалған немесе бүлінген бірінші қажеттіліктегі мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды.
Мұндай мүліктің тізіміне: тамақ сақтауға және дайындауға арналған заттар, тамақ ішуге және ұйықтауға арналған жиһаз заттары, азаматтарды ақпараттандыру құралдарының заттары, сумен жабдықтау және жылыту құралдары кіреді.
Бұл өтемақыны жергілікті атқарушы органдар бюджет және бюджеттен тыс қаражаттан қарастыратын болады.
Бұған дейін 8кімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттен қандай көмек күте алады деген жадынама жариялаған болатын.
Бұдан басқа, Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша екі күн ішінде үлкен судан зардап шеккен егістік жер иелері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық көмек көрсету алгоритмі әзірленетін болады.