АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Активтерді қайтару жөніндегі комитет арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталады.
Айта кетері, премьер-министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылған.