Мемлекетке қайтарылған 2,2 млрд теңге су тасқыны салдарын жоюға жұмсалады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2024
Жазылу
Сонымен қатар келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталады
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Активтерді қайтару жөніндегі комитет арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталады.
Айта кетері, премьер-министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылған.
Касым-Жомарт Токаев на встрече с жителями Костанайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2024
Тоқаев су басқан аймақтарда құрылыс жұмыстары қашан аяқталатынын айтты
Жаңалықтар
0