https://sputnik.kz/20240416/toqaev-su-basqan-aymaqtarda-qurylys-zhumystary-qashan-ayaqtalatynyn-aytty-43704407.html
Тоқаев су басқан аймақтарда құрылыс жұмыстары қашан аяқталатынын айтты
Тоқаев су басқан аймақтарда құрылыс жұмыстары қашан аяқталатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Президент үкіметке алдағы жаз мезгілінде, сондай-ақ күзде барлық құрылыс жұмыстарын бітіру жөнінде міндет жүктегенін мәлімдеді 16.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-16T18:49+0500
2024-04-16T18:49+0500
2024-04-16T18:50+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43704064_0:42:1280:762_1920x0_80_0_0_5704a6cce59135cc55b7525b7a08f909.jpg
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Тобыл қаласында орналасқан жедел штабта су тасқынынан зардап шеккен Қостанай ауданына қарасты ауылдардың тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық белсенділік танытқан және апатқа бей-жай қарамай жанашырлық білдірген барша жұртшылыққа алғыс айтып, халықтың бірлігі осындай қиын кезеңде айқын көрінетінін атап өтті.Президент мемлекеттің қаржысын қатаң үнемдеу режимі енгізілгенін, қаражат зардап шеккен халыққа бөлінетінін жеткізді. Мемлекет басшысы барлық зардап шеккен тұрғынға қажетті көмек көрсетілетінін айтты."Өтемақы – басты мәселе. Шығын өтеледі. Сонымен қатар тұрғын үйі жарамсыз азаматтарға жаңа баспана салынады және жөндеуге жарамды үйлер қайта қалпына келтіріледі. Оған қажетті барлық қаражат бөлінеді. Кім пәтерге көшкісі келсе, біз пәтер сатып алып береміз. Кім өз қонысында қалғысы келеді, оларға типтік үлгідегі үйлер саламыз. Дегенмен қауіпті жерлерде қалуға мүлде болмайды. Мұндай үйлердің жобасы бар, – деді президент.Оның айтуынша, бұл үйлер қысқа дейін толықтай салынады."Мен үкіметке алдағы жаз мезгілінде, сондай-ақ күзде барлық құрылыс жұмыстарын бітіру және апат салдарын толық жою жөнінде міндет жүктедім", – деп түйіндеді Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43704064_104:0:1176:804_1920x0_80_0_0_bea720fabb9af10238cc491dd8e531e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев су басқан аймақтарда құрылыс жұмыстары қашан аяқталатынын айтты
18:49 16.04.2024 (жаңартылды: 18:50 16.04.2024) Президент үкіметке алдағы жаз мезгілінде, сондай-ақ күзде барлық құрылыс жұмыстарын бітіру жөнінде міндет жүктегенін мәлімдеді
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Тобыл қаласында орналасқан жедел штабта су тасқынынан зардап шеккен Қостанай ауданына қарасты ауылдардың тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық белсенділік танытқан және апатқа бей-жай қарамай жанашырлық білдірген барша жұртшылыққа алғыс айтып, халықтың бірлігі осындай қиын кезеңде айқын көрінетінін атап өтті.
"Мен сіздермен жүздесу үшін арнайы келдім. Жағдайдың күрделі екенін түсінемін. Мемлекеттің барлық ресурсы осы мәселені шешуге бағытталып жатыр. Президент ретіндегі менің басты міндетім – су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсету", – деді мемлекет басшысы.
Президент мемлекеттің қаржысын қатаң үнемдеу режимі енгізілгенін, қаражат зардап шеккен халыққа бөлінетінін жеткізді. Мемлекет басшысы барлық зардап шеккен тұрғынға қажетті көмек көрсетілетінін айтты.
"Өтемақы – басты мәселе. Шығын өтеледі. Сонымен қатар тұрғын үйі жарамсыз азаматтарға жаңа баспана салынады және жөндеуге жарамды үйлер қайта қалпына келтіріледі. Оған қажетті барлық қаражат бөлінеді. Кім пәтерге көшкісі келсе, біз пәтер сатып алып береміз. Кім өз қонысында қалғысы келеді, оларға типтік үлгідегі үйлер саламыз. Дегенмен қауіпті жерлерде қалуға мүлде болмайды. Мұндай үйлердің жобасы бар, – деді президент.
Оның айтуынша, бұл үйлер қысқа дейін толықтай салынады.
"Мен үкіметке алдағы жаз мезгілінде, сондай-ақ күзде барлық құрылыс жұмыстарын бітіру және апат салдарын толық жою жөнінде міндет жүктедім", – деп түйіндеді Тоқаев.