Қостанай облысында су тасқынының қарқыны төмендеді

Ведомство мәліметінше, облыс орталығына әкелетін екі жол әлі де жабық, қозғалыс орталық көпір арқылы жүзеге асырылады
Sputnik
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Облыстың Қостанай, Қарасу аудандарында және Қостанай қаласында 161 жеке үй су астында қалып отыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Қаратомар, Жоғары Тобыл, Желқуар су қоймалары бақылауда. Бүгінгі күні Карамтомар су қоймасынан судың ағуы 2200 м3 / с дейін төмендеді, сонымен қатар ағынның 1950 м3/с дейін төмендеуі байқалады. Су басу қаупінің сақталуына байланысты Тобыл және Тінтуір өзендерінің бойындағы елді мекендер билік назарында", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, облыс орталығына әкелетін екі жол әлі де жабық, қозғалыс орталық көпір арқылы жүзеге асырылады. 9 сәуірге қараған түні су тасқыны кезінде орнатылған құбыр бөлшектелді. Көпірлердің жабық учаскелеріндегі қозғалыс Тобыл өзеніндегі су деңгейінің төмендеуінен кейін қалпына келтіріледі.
Қостанай облысындағы өзендерде су деңгейі төмендеп келеді - әкімдік
"Сондай-ақ, 9 жолда қозғалыс қалпына келтірілді, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда. Су тасқыны кезінде барлығы 24 автожолда қозғалыс шектелді. Су тасқыны кезеңінде шамамен 795 068 мың м3 су сорылды. 86 754 мыңнан астам қап төселді. Инертті материалдардың 7 351 тоннасы қолданылды. 9 097 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пункттерінде 759 адам бар", - деп хабарлайды әкімдік.
Еріген суды сору, қапшықтарды төсеу жұмыстары жеті өңірде: Федоров, Қарасу, Қостанай, Әулиекөл, Сарыкөл және Науырзым аудандары, Қостанай қаласында жалғасуда.
Өңірде су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жұмыстары басталды. Біржолғы әлеуметтік төлемдер ұйымдастырылып, демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетіледі.
Су тасқыны: мәжіліс депутаттары үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады
Қалалық, аудандық әкімдіктерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді қабылдау ұйымдастырылды. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді.
8 сәуірдегі жағдай бойынша 587 отбасына 107,3 млн теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді.
"Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 10 млрд теңге бөледі