https://sputnik.kz/20240409/qostanay-oblysynda-su-tasqynynyn-qarqyny-tomendedi-43554178.html
Қостанай облысында су тасқынының қарқыны төмендеді
Қостанай облысында су тасқынының қарқыны төмендеді
Sputnik Қазақстан
Ведомство мәліметінше, облыс орталығына әкелетін екі жол әлі де жабық, қозғалыс орталық көпір арқылы жүзеге асырылады 09.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-09T16:03+0500
2024-04-09T16:03+0500
2024-04-09T16:10+0500
қостанай облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/03/43420274_0:1112:2048:2264_1920x0_80_0_0_a79f8fafc9a6cb3e03bacd42e8c85e05.jpg
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Облыстың Қостанай, Қарасу аудандарында және Қостанай қаласында 161 жеке үй су астында қалып отыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, облыс орталығына әкелетін екі жол әлі де жабық, қозғалыс орталық көпір арқылы жүзеге асырылады. 9 сәуірге қараған түні су тасқыны кезінде орнатылған құбыр бөлшектелді. Көпірлердің жабық учаскелеріндегі қозғалыс Тобыл өзеніндегі су деңгейінің төмендеуінен кейін қалпына келтіріледі.Қостанай облысындағы өзендерде су деңгейі төмендеп келеді - әкімдік"Сондай-ақ, 9 жолда қозғалыс қалпына келтірілді, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда. Су тасқыны кезінде барлығы 24 автожолда қозғалыс шектелді. Су тасқыны кезеңінде шамамен 795 068 мың м3 су сорылды. 86 754 мыңнан астам қап төселді. Инертті материалдардың 7 351 тоннасы қолданылды. 9 097 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пункттерінде 759 адам бар", - деп хабарлайды әкімдік.Еріген суды сору, қапшықтарды төсеу жұмыстары жеті өңірде: Федоров, Қарасу, Қостанай, Әулиекөл, Сарыкөл және Науырзым аудандары, Қостанай қаласында жалғасуда.Өңірде су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жұмыстары басталды. Біржолғы әлеуметтік төлемдер ұйымдастырылып, демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетіледі.Су тасқыны: мәжіліс депутаттары үкіметке бірнеше ұсыныс жолдадыҚалалық, аудандық әкімдіктерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді қабылдау ұйымдастырылды. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді.8 сәуірдегі жағдай бойынша 587 отбасына 107,3 млн теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді.
https://sputnik.kz/20240409/qazaqstan-khalqyna-qory-su-tasqynynan-zardap-shekkenderge-10-mlrd-tenge-boledi-43549239.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/03/43420274_0:920:2048:2456_1920x0_80_0_0_9e30442f2be0698e35f90de2af6e890c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, су тасқыны
қостанай облысы, су тасқыны
Қостанай облысында су тасқынының қарқыны төмендеді
16:03 09.04.2024 (жаңартылды: 16:10 09.04.2024) Ведомство мәліметінше, облыс орталығына әкелетін екі жол әлі де жабық, қозғалыс орталық көпір арқылы жүзеге асырылады
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Облыстың Қостанай, Қарасу аудандарында және Қостанай қаласында 161 жеке үй су астында қалып отыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Қаратомар, Жоғары Тобыл, Желқуар су қоймалары бақылауда. Бүгінгі күні Карамтомар су қоймасынан судың ағуы 2200 м3 / с дейін төмендеді, сонымен қатар ағынның 1950 м3/с дейін төмендеуі байқалады. Су басу қаупінің сақталуына байланысты Тобыл және Тінтуір өзендерінің бойындағы елді мекендер билік назарында", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, облыс орталығына әкелетін екі жол әлі де жабық, қозғалыс орталық көпір арқылы жүзеге асырылады. 9 сәуірге қараған түні су тасқыны кезінде орнатылған құбыр бөлшектелді. Көпірлердің жабық учаскелеріндегі қозғалыс Тобыл өзеніндегі су деңгейінің төмендеуінен кейін қалпына келтіріледі.
"Сондай-ақ, 9 жолда қозғалыс қалпына келтірілді, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда. Су тасқыны кезінде барлығы 24 автожолда қозғалыс шектелді. Су тасқыны кезеңінде шамамен 795 068 мың м3 су сорылды. 86 754 мыңнан астам қап төселді. Инертті материалдардың 7 351 тоннасы қолданылды. 9 097 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пункттерінде 759 адам бар", - деп хабарлайды әкімдік.
Еріген суды сору, қапшықтарды төсеу жұмыстары жеті өңірде: Федоров, Қарасу, Қостанай, Әулиекөл, Сарыкөл және Науырзым аудандары, Қостанай қаласында жалғасуда.
Өңірде су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жұмыстары басталды. Біржолғы әлеуметтік төлемдер ұйымдастырылып, демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетіледі.
Қалалық, аудандық әкімдіктерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді қабылдау ұйымдастырылды. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді.
8 сәуірдегі жағдай бойынша 587 отбасына 107,3 млн теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді.