Қостанай облысындағы өзендерде су деңгейі төмендеп келеді - әкімдік
© Photo : ДЧС Костанайской областиДамба на реке Тобол в Костанайской области
© Photo : ДЧС Костанайской области
Жазылу
Жалпы, облыс бойынша жағдай біртіндеп тұрақталып келеді, деді облыс әкімі
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынының жоғарғы шегі өтті деп мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, негізгі су қоймаларында су жіберудің төмендеуі байқалады.
"Мәселен, Қаратомар су қоймасында су ағызудың тарихи максимумы тіркелді, ол секундына 660 текше метрге азайып, секундына 2 640 текше метрді құрады. Сондай-ақ Жоғарғы Тобыл және Желқуар су қоймалары бойынша су ағызудың төмендеуі тіркелді. Өзендердегі су деңгейінің төмендеуі жалғасуда. Тобыл өзенінде орналасқан бекетте тәулік ішінде 56 см-ге төмендеу тіркелді. Әйет өзенінде 63 см төмендеу байқалды. Жалпы, облыс бойынша жағдай біртіндеп тұрақталып келеді", - деді ол.
Қарасу ауданындағы Түнтігір, Құндызды және Қарасу өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі тәулігіне 17-ден 127 см-ге дейін болды. Облыстың оңтүстік аудандарындағы Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде әлі де жоғары деңгей сақталып отыр.
Қалған өзендерде негізінен су деңгейі төмендеді.
Қалған өзендерде негізінен су деңгейі төмендеді.
"Біз су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмысын бастадық.
Біржолғы әлеуметтік төлемдер беріледі, сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда 587 отбасыға 107,3 млн теңге сомасында төленді", - деді облыс басшысы.
Біржолғы әлеуметтік төлемдер беріледі, сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда 587 отбасыға 107,3 млн теңге сомасында төленді", - деді облыс басшысы.
Ақсақаловтың мәліметіне сүйенсек, 28 елді мекенде су басуына байланысты электр жарығы жоқ. Қатты тасқынның салдарынан бағандар құлап, істен шықты. Бұл оларды қалпына келтіру жұмыстарын қиындатып отыр, су кеткеннен кейін жұмыс жалғасатын болады.
Су тасқыны кезінде 24 автожолда қозғалыс шектелді, қазір 9 жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді. Қалған жұмыстар жалғасуда. Келтірілген шығынды бағалау бойынша жұмыс жалғасуда. Барлық шығын толық өтелетін болады.
Әкім қиын-қыстау кезеңінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жатқан жерлестеріне ризашылығын білдірді.