"Самұрық-Қазына" компаниялар тобы су тасқыны салдарын жоюға 15 млрд теңге бөледі

Sputnik
АСТАНА, 5 сәуір - Sputnik. "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы Қазақстандағы су тасқынының салдарын жоюға 15 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Қазақстан теміржолы компаниясының баспасөз қызметі.
Мәліметке сәйкес, қор табиғи апаттан ең көп зардап шеккен өңірлерге – 15 млрд теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Қордың корпоративтік орталығы, "ҚазМұнайГаз", "Қазатопром", ҚТЖ, "Қазақгаз", KEGOC, "Қазақтелеком", "Эйр Астана", "Самұрық-Энерго" көмек көрсетуде. Қаражат қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы "Samruk-Kazyna Trust" арқылы бағытталады..
"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, ҚМГ компаниялар тобынан су тасқынына қарсы шараларға 500-ден астам қызметкер жұмылдырылған және 160-тан астам техника мен құрал-жабдық, сондай-ақ 80 тонна дизель, 22 тонна бензин бөлінген.
Су тасқыны: Құлсары қаласында не болып жатыр
Мәліметке сәйкес, "Қазақстан теміржолы" АҚ-да суға төтеп беретін 45 пойыз құрылды. Тасқын судан зардап шеккен барлық өңірлерде су айдайтын 47 өрт сөндіру пойызы кезекшілік етуде.
Сондай-ақ, теміржол транспорты азаматтарды эвакуациялауға тартылған. Сәуірдің 8 күні ҚТЖ қаражаты есебінен Атырау облысында таңертеңнен бері 5 мыңға жуық қазақстандық тасымалданды. QazaqGaz-да авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 750 адам жұмылдырылды, су тасқыны зардаптарын жою жұмыстарына 135 бірлік техника бөлінген, су басу өңірлерінде еріктілер топтары құрылды.
Зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтеледі – Роман Скляр
"KEGOC" АҚ" электр жеткізу желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды ағын судан қорғау шараларын қабылдады, сондай-ақ су басуы ықтимал әуе желілерін жұмыстары және электр желілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін бригадалар ұйымдастырылды, - деп атап өтті Нәби Айтжанов.
"Қазақтелеком" АҚ-да телекоммуникация құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін компанияның техникалық блогы жедел штабтар құрды. Бөлімшелер арасында байланыс орталықтары ұйымдастырылып, авариялық-қалпына келтіру командалары құрылды.