Су тасқыны: Құлсары қаласында не болып жатыр

© Sputnik / Елена БережнаяАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2024
Жазылу
Құлсары қаласында 2680 үйді су басқан
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Атырау облысындағы Құлсары қаласында қалыпна келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Жем өзенінің арнасынан асып Құлсары қаласын су басуына байланысты 8150 қапқа құм толтырылып, 2200 метр қорғаныс бөгеті бекітілді.
"Қазіргі таңда Жылыой ауданы Құлсары қаласында су басқан үйлер саны 2680 құрайды. Категориялар бойынша толық есептеу су деңгейі төмендегінен кейін жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар тәулігіне 20 қоңыраулар түсіп, 9 адам құтқарылып, 34 адам және үй жануарлары қауіпсіз жерге көшірілді.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2024
Құлсары қаласынан бес мың адам көрші облысқа эвакуацияланды - видео
Жаңалықтар
0