https://sputnik.kz/20240408/samuryq-qazyna-kompaniyalar-toby-su-tasqyny-saldaryn-zhoyuga-15-mlrd-tenge-boledi-43523934.html
"Самұрық-Қазына" компаниялар тобы су тасқыны салдарын жоюға 15 млрд теңге бөледі
"Самұрық-Қазына" компаниялар тобы су тасқыны салдарын жоюға 15 млрд теңге бөледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 сәуір - Sputnik. "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы Қазақстандағы су тасқынының салдарын жоюға 15 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Қазақстан... 08.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-08T17:00+0500
2024-04-08T17:00+0500
2024-04-08T17:00+0500
су тасқыны
қайырымдылық
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43309737_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_3d21bb2e721613cd8d2e64581f9dfe89.jpg
АСТАНА, 5 сәуір - Sputnik. "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы Қазақстандағы су тасқынының салдарын жоюға 15 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Қазақстан теміржолы компаниясының баспасөз қызметі.Мәліметке сәйкес, қор табиғи апаттан ең көп зардап шеккен өңірлерге – 15 млрд теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Қордың корпоративтік орталығы, "ҚазМұнайГаз", "Қазатопром", ҚТЖ, "Қазақгаз", KEGOC, "Қазақтелеком", "Эйр Астана", "Самұрық-Энерго" көмек көрсетуде. Қаражат қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы "Samruk-Kazyna Trust" арқылы бағытталады.."ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, ҚМГ компаниялар тобынан су тасқынына қарсы шараларға 500-ден астам қызметкер жұмылдырылған және 160-тан астам техника мен құрал-жабдық, сондай-ақ 80 тонна дизель, 22 тонна бензин бөлінген.Су тасқыны: Құлсары қаласында не болып жатыр Мәліметке сәйкес, "Қазақстан теміржолы" АҚ-да суға төтеп беретін 45 пойыз құрылды. Тасқын судан зардап шеккен барлық өңірлерде су айдайтын 47 өрт сөндіру пойызы кезекшілік етуде.Сондай-ақ, теміржол транспорты азаматтарды эвакуациялауға тартылған. Сәуірдің 8 күні ҚТЖ қаражаты есебінен Атырау облысында таңертеңнен бері 5 мыңға жуық қазақстандық тасымалданды. QazaqGaz-да авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 750 адам жұмылдырылды, су тасқыны зардаптарын жою жұмыстарына 135 бірлік техника бөлінген, су басу өңірлерінде еріктілер топтары құрылды.Зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтеледі – Роман Скляр"KEGOC" АҚ" электр жеткізу желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды ағын судан қорғау шараларын қабылдады, сондай-ақ су басуы ықтимал әуе желілерін жұмыстары және электр желілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін бригадалар ұйымдастырылды, - деп атап өтті Нәби Айтжанов."Қазақтелеком" АҚ-да телекоммуникация құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін компанияның техникалық блогы жедел штабтар құрды. Бөлімшелер арасында байланыс орталықтары ұйымдастырылып, авариялық-қалпына келтіру командалары құрылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43309737_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_b015a188a0d43b63a51b00c395dac703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, қайырымдылық
АСТАНА, 5 сәуір - Sputnik. "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы Қазақстандағы су тасқынының салдарын жоюға 15 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Қазақстан теміржолы компаниясының баспасөз қызметі.
Мәліметке сәйкес, қор табиғи апаттан ең көп зардап шеккен өңірлерге – 15 млрд теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Қордың корпоративтік орталығы, "ҚазМұнайГаз", "Қазатопром", ҚТЖ, "Қазақгаз", KEGOC, "Қазақтелеком", "Эйр Астана", "Самұрық-Энерго" көмек көрсетуде. Қаражат қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы "Samruk-Kazyna Trust" арқылы бағытталады..
"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, ҚМГ компаниялар тобынан су тасқынына қарсы шараларға 500-ден астам қызметкер жұмылдырылған және 160-тан астам техника мен құрал-жабдық, сондай-ақ 80 тонна дизель, 22 тонна бензин бөлінген.
Мәліметке сәйкес, "Қазақстан теміржолы" АҚ-да суға төтеп беретін 45 пойыз құрылды. Тасқын судан зардап шеккен барлық өңірлерде су айдайтын 47 өрт сөндіру пойызы кезекшілік етуде.
Сондай-ақ, теміржол транспорты азаматтарды эвакуациялауға тартылған. Сәуірдің 8 күні ҚТЖ қаражаты есебінен Атырау облысында таңертеңнен бері 5 мыңға жуық қазақстандық тасымалданды. QazaqGaz-да авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 750 адам жұмылдырылды, су тасқыны зардаптарын жою жұмыстарына 135 бірлік техника бөлінген, су басу өңірлерінде еріктілер топтары құрылды.
"KEGOC" АҚ" электр жеткізу желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды ағын судан қорғау шараларын қабылдады, сондай-ақ су басуы ықтимал әуе желілерін жұмыстары және электр желілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін бригадалар ұйымдастырылды, - деп атап өтті Нәби Айтжанов.
"Қазақтелеком" АҚ-да телекоммуникация құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін компанияның техникалық блогы жедел штабтар құрды. Бөлімшелер арасында байланыс орталықтары ұйымдастырылып, авариялық-қалпына келтіру командалары құрылды.