Су тасқыны: Батыс Қазақстанда он елді мекен көлік қатынасынсыз қалды

Sputnik
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстанда су жүрген бес автожол учаскесі мен су шайған алты автожол учаскесі бақылауда, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомство мәліметінше, 10 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған.
"Облыс бойынша барлығы 1020 мың м3 еріген қар суы сорылды, 219 мыңнан астам қапшық және 2700-ден астам инертті материал төселді. 4 мыңнан астам ауыл шаруашылық жануар қауіпсіз жерге айдалды. Теректі ауданының Подстепное ауылында 37 аула аумағы су астында қалуда. Су бұру және қапшық төсеу жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.
Жұмыстарға 430 адам, 86 бірлік техника, 11 су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шараларға Маңғыстау облысы ТЖД және ТЖМ № 28237 әскери бөлімінің берілген күштері мен құралдары тартылды.
Тоқаев Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады