https://sputnik.kz/20240406/su-tasqyny-batys-qazaqstanda-on-eldi-meken-kolik-qatynasynsyz-qaldy-43488924.html
Су тасқыны: Батыс Қазақстанда он елді мекен көлік қатынасынсыз қалды
Су тасқыны: Батыс Қазақстанда он елді мекен көлік қатынасынсыз қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстанда су жүрген бес автожол учаскесі мен су шайған алты автожол учаскесі бақылауда, деп хабарлайды облыстық төтенше... 06.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-06T11:44+0500
2024-04-06T11:44+0500
2024-04-06T11:44+0500
батыс қазақстан облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/03/43420230_0:109:2049:1261_1920x0_80_0_0_b1eaea5156145366218b13692e2ff281.jpg
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстанда су жүрген бес автожол учаскесі мен су шайған алты автожол учаскесі бақылауда, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.Ведомство мәліметінше, 10 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған. Жұмыстарға 430 адам, 86 бірлік техника, 11 су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шараларға Маңғыстау облысы ТЖД және ТЖМ № 28237 әскери бөлімінің берілген күштері мен құралдары тартылды.
https://sputnik.kz/20240404/toqaev-batys-qazaqstan-oblysynyn-su-basqan-aumaqtaryn-tikushaqpen-aralady-43437298.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/03/43420230_0:0:2049:1537_1920x0_80_0_0_c6b6493bf2904a1fe76e76d255c09e9e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, су тасқыны
батыс қазақстан облысы, су тасқыны
Су тасқыны: Батыс Қазақстанда он елді мекен көлік қатынасынсыз қалды
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстанда су жүрген бес автожол учаскесі мен су шайған алты автожол учаскесі бақылауда, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомство мәліметінше, 10 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған.
"Облыс бойынша барлығы 1020 мың м3 еріген қар суы сорылды, 219 мыңнан астам қапшық және 2700-ден астам инертті материал төселді. 4 мыңнан астам ауыл шаруашылық жануар қауіпсіз жерге айдалды. Теректі ауданының Подстепное ауылында 37 аула аумағы су астында қалуда. Су бұру және қапшық төсеу жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.
Жұмыстарға 430 адам, 86 бірлік техника, 11 су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шараларға Маңғыстау облысы ТЖД және ТЖМ № 28237 әскери бөлімінің берілген күштері мен құралдары тартылды.