https://sputnik.kz/20240404/toqaev-batys-qazaqstan-oblysynyn-su-basqan-aumaqtaryn-tikushaqpen-aralady-43437298.html
Тоқаев Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады
Тоқаев Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады, деп хабарлады Ақорда. 04.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-04T14:16+0500
2024-04-04T14:16+0500
2024-04-04T14:16+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/04/43436983_0:79:1280:799_1920x0_80_0_0_7047e874acf52ef53209f102ae33a3c0.jpg
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көруден басталды.Облыс әкімі Нариман Төреғалиев президентке бүгінде 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады. Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген. Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған.Сонымен қатар құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Қарғын су басқан аумақтардан 7 мыңға жуық тұрғын көшірілген, жедел-эвакуациялау пункттері құрылған. Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63 миллион теңге қаржы бөлінді. Су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен қоршау және су жүретін құбырларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/04/43436983_55:0:1226:878_1920x0_80_0_0_f5f421f8eef40db0dab1917c608ed389.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Тоқаев Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көруден басталды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы қалыптасқан жағдаймен танысты", - делінген хабарламада.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев президентке бүгінде 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады. Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген. Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған.
Сонымен қатар құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Қарғын су басқан аумақтардан 7 мыңға жуық тұрғын көшірілген, жедел-эвакуациялау пункттері құрылған. Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63 миллион теңге қаржы бөлінді. Су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен қоршау және су жүретін құбырларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.