Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді
Sputnik
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Сапар барысында президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында Ұзынкөл су қоймасының толуы салдарынан Теректі ауданы Ұзынкөл кентін су басу қаупі төнді. Осыған байланысты Теректі ауданы Подстепное ауылы мен Орал қаласындағы халық алдын ала эвакуацияланды: 705 адам, оның ішінде 230 бала.
Сондай-ақ, Деркөл және Шаған өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Орал қаласындағы Деркөл кентінің саяжай қоғамдарынан және Самал ауданындағы тұрғын үйлер мен саяжай қоғамдарынан тұрғындар эвакуацияланып жатыр.
Жем өзені арнасынан тасыды: Доссор-Құлсары автомобиль жолын су шайып кетті