https://sputnik.kz/20240404/toqaev-su-basqan-aumaqtardy-tikushaqpen-aralap-koredi-43434758.html
Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді 04.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-04T13:17+0500
2024-04-04T13:17+0500
2024-04-04T14:14+0500
су тасқыны
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40044868_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_024b483cc9f30bcaf9e9e48a4d1224ed.jpg
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында Ұзынкөл су қоймасының толуы салдарынан Теректі ауданы Ұзынкөл кентін су басу қаупі төнді. Осыған байланысты Теректі ауданы Подстепное ауылы мен Орал қаласындағы халық алдын ала эвакуацияланды: 705 адам, оның ішінде 230 бала. Сондай-ақ, Деркөл және Шаған өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Орал қаласындағы Деркөл кентінің саяжай қоғамдарынан және Самал ауданындағы тұрғын үйлер мен саяжай қоғамдарынан тұрғындар эвакуацияланып жатыр.
https://sputnik.kz/20240404/zhem-ozeni-arnasynan-tasydy-dossor-qulsary-avtomobil-zholyn-su-shayyp-ketti-43434367.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40044868_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_463dc9d0e9ffb53a9b5dadc9f2651725.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, қасым-жомарт тоқаев
су тасқыны, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
13:17 04.04.2024 (жаңартылды: 14:14 04.04.2024) Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Сапар барысында президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында Ұзынкөл су қоймасының толуы салдарынан Теректі ауданы Ұзынкөл кентін су басу қаупі төнді. Осыған байланысты Теректі ауданы Подстепное ауылы мен Орал қаласындағы халық алдын ала эвакуацияланды: 705 адам, оның ішінде 230 бала.
Сондай-ақ, Деркөл және Шаған өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Орал қаласындағы Деркөл кентінің саяжай қоғамдарынан және Самал ауданындағы тұрғын үйлер мен саяжай қоғамдарынан тұрғындар эвакуацияланып жатыр.