Жем өзені арнасынан тасыды: Доссор-Құлсары автомобиль жолын су шайып кетті

© Sputnik / Елена БережнаяАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2024
Жазылу
"ҚазАвтоЖол" Доссор-Құлсары автомобиль жолындағы су тасқыны туралы шұғыл ақпарат таратты
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Атырау облысындағы Доссор-Құлсары автомобиль жолын су шайып кетті, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.
"4 сәуірде сағат 09:50 шамасында А-33 Доссор-Құлсары тас жолының 101 шақырымында Жем өзенінің арнасынан су тасып, жолды су алып кетті (ұзындығы 130 м, биіктігі 1-3 см)", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда еріген қар суын ағызу және жол жиегі бойындағы білікті күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Автожол мен жердің бұзылуына қауіп төніп тұрған жоқ. 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.
"Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау автожолының 4-119 шақырымында (Доссор а.-Құлсары қ. учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жаңалықтар
0