АСТАНА,1 сәуір – Sputnik. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 5 мыңнан астам волонтер қатысып жатыр, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі.
"Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында еріктілер зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру, жинау, халыққа эвакуация пункттерінде уақытша тұру сияқты шараларды ұйымдастырумен айналысып жатыр. Олар гуманитарлық көмек пункттерін ашып, сақтық шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді", - делінген хабарламада.
Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шараға 50-ге жуық волонтер қатысып жатыр. Олар 150-ден астам тұрғындарды су басқан жерлерден эвакуациялап, қауіпсіздік және құтқару қызметтерінің өкілдеріне ыстық шай мен тамақ үйлестіріп көмек қолын созды.
Ақтөбе облысында төрт мың ерікті жұмылдырылды.
Ақтөбе облысында төрт мың ерікті жұмылдырылды.
Қостанай облысындағы Амангелді ауданы мен Арқалық қаласында арнайы пункттер мен волонтерлік штабтар ашылды. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінен жинақталған 400-ден астам ерікті тартылды. Волонтерлер суға кетуі мүмкін аулалардан қар шығарды.