https://sputnik.kz/20240331/su-tasqyny-bastalgannan-beri-12-mynnan-astam-adam-evakuatsiyalandy-43319537.html
Су тасқыны басталғаннан бері 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Су тасқыны басталғаннан бері 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Sputnik Қазақстан
Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 961 адам, оның ішінде 261 бала эвакуацияланды 31.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-31T20:52+0500
2024-03-31T20:52+0500
2024-03-31T20:52+0500
су тасқыны
эвакуация
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43308800_128:0:1152:576_1920x0_80_0_0_3696e66ca102583697495001d8791799.jpg
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Су тасқыны басталғаннан бері төтенше жағдайлар министрлігі және әкімдіктердің күшімен 4,2 млн шаршы метрден астам еріген қар суы сорылды, 263 мыңнан астам қапшық және 403 мың тонна инертті материал төселді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 961 адам, оның ішінде 261 бала эвакуацияланды."Жедел желі" телефондарына 592 қоңырау келіп түсті, 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастырып жатыр."Сондай-ақ, күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасқан өңірлерде бұл Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін еліміздің басқа өңірлерінен ТЖМ күштері мен құралдарының топтары тартылды", - деп хабарлады министрлік.299 жеке тұрғын үй мен 673 аула аумағынан су шығарылды. Бұл ретте 1 267 жеке тұрғын үй мен 486 аула аумағы су астында қалып отыр. Су шайған 39 автожол, оның ішінде 1 көпір және 38 жол төсемі бақылауда."Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарында жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 53 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды", - делінген ақпаратта.Өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде.Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, ҚМ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 6 930 адам, 1 895 техника, 772 су айдау құралы және 68 жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43308800_256:0:1024:576_1920x0_80_0_0_52f76e662488602b5757433abd4d3c2a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, эвакуация
Су тасқыны басталғаннан бері 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 961 адам, оның ішінде 261 бала эвакуацияланды
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Су тасқыны басталғаннан бері төтенше жағдайлар министрлігі және әкімдіктердің күшімен 4,2 млн шаршы метрден астам еріген қар суы сорылды, 263 мыңнан астам қапшық және 403 мың тонна инертті материал төселді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау, Абай облыстарында 12 701 адам, оның ішінде 4 728 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 6 461 адам, оның ішінде 2 570 бала бар", - делінген хабарламада.
Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 961 адам, оның ішінде 261 бала эвакуацияланды.
"Жедел желі" телефондарына 592 қоңырау келіп түсті, 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастырып жатыр.
"Сондай-ақ, күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасқан өңірлерде бұл Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін еліміздің басқа өңірлерінен ТЖМ күштері мен құралдарының топтары тартылды", - деп хабарлады министрлік.
299 жеке тұрғын үй мен 673 аула аумағынан су шығарылды. Бұл ретте 1 267 жеке тұрғын үй мен 486 аула аумағы су астында қалып отыр. Су шайған 39 автожол, оның ішінде 1 көпір және 38 жол төсемі бақылауда.
"Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарында жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 53 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды", - делінген ақпаратта.
Өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, ҚМ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 6 930 адам, 1 895 техника, 772 су айдау құралы және 68 жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылды