https://sputnik.kz/20240401/su-tasqynyna-qarsy-is-sharalarga-bes-mynnan-astam-erikti-qatysyp-zhatyr-43323316.html
Су тасқынына қарсы іс-шараларға бес мыңнан астам ерікті қатысып жатыр
Су тасқынына қарсы іс-шараларға бес мыңнан астам ерікті қатысып жатыр
Sputnik Қазақстан
Олар гуманитарлық көмек пункттерін ашып, сақтық шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді 01.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-01T11:15+0500
2024-04-01T11:15+0500
2024-04-01T11:15+0500
су тасқыны
еріктілер
https://sputnik.kz/img/489/66/4896674_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_6b84cc827b9993e72ed83f075839d4d9.jpg
АСТАНА,1 сәуір – Sputnik. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 5 мыңнан астам волонтер қатысып жатыр, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі. Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шараға 50-ге жуық волонтер қатысып жатыр. Олар 150-ден астам тұрғындарды су басқан жерлерден эвакуациялап, қауіпсіздік және құтқару қызметтерінің өкілдеріне ыстық шай мен тамақ үйлестіріп көмек қолын созды.Ақтөбе облысында төрт мың ерікті жұмылдырылды.Қостанай облысындағы Амангелді ауданы мен Арқалық қаласында арнайы пункттер мен волонтерлік штабтар ашылды. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінен жинақталған 400-ден астам ерікті тартылды. Волонтерлер суға кетуі мүмкін аулалардан қар шығарды.
https://sputnik.kz/20240331/su-tasqyny-bastalgannan-beri-12-mynnan-astam-adam-evakuatsiyalandy-43319537.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/489/66/4896674_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_cd7deb73e8ca090649613e57b04c8219.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, еріктілер
Су тасқынына қарсы іс-шараларға бес мыңнан астам ерікті қатысып жатыр
Олар гуманитарлық көмек пункттерін ашып, сақтық шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді
АСТАНА,1 сәуір – Sputnik. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 5 мыңнан астам волонтер қатысып жатыр, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі.
"Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында еріктілер зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру, жинау, халыққа эвакуация пункттерінде уақытша тұру сияқты шараларды ұйымдастырумен айналысып жатыр. Олар гуманитарлық көмек пункттерін ашып, сақтық шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді", - делінген хабарламада.
Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шараға 50-ге жуық волонтер қатысып жатыр. Олар 150-ден астам тұрғындарды су басқан жерлерден эвакуациялап, қауіпсіздік және құтқару қызметтерінің өкілдеріне ыстық шай мен тамақ үйлестіріп көмек қолын созды.
Ақтөбе облысында төрт мың ерікті жұмылдырылды.
Қостанай облысындағы Амангелді ауданы мен Арқалық қаласында арнайы пункттер мен волонтерлік штабтар ашылды. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінен жинақталған 400-ден астам ерікті тартылды. Волонтерлер суға кетуі мүмкін аулалардан қар шығарды.