Қоғам

Қазақстан-Ресей шекарасында көлік қозғалысы шектелуі мүмкін

Шекарадағы өткізу бекеттерінің алдында кептеліс пайда болған
Sputnik
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Су тасқынына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында автокөлік қозғалысы шектелуі мүмкін, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
"Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы шектелуі мүмкін", - делінген хабарламада.
ҰҚК Шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу бекеттерінің алдында кептеліс пайда болғанын хабарлайды және қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағдарын түзетуге кеңес берді.
Сондай-ақ ІІМ баспасөз қызметі Қарағанды облысында полиция су басқан жерлердегі жол қауіпсіздігін тәулік бойы бақылап отырғанын хабарлады.
Республикалық және облыстық жолдар мен жергілікті тас жолдардың 10 учаскесі ерекше бақылауда. Осы маңызды жұмысқа жеке құрамның 86 қызметкері және 42 бірлік техника жұмылдырылды. Облыс жолдарында шамамен 350 жеңіл көлік, 320 жүк және 26 қоғамдық көлік, сондай-ақ, 3 мыңнан аса жолаушы қалып қойған.
Қоғам
ТЖМ су басқан елді мекендерден 7,7 мың адамды эвакуациялады