https://sputnik.kz/20240330/qazaqstan-resey-shekarasynyn-zhekelegen-bagyttarynda-kolik-qozgalysy-shektelui-mumkin-43304198.html
Қазақстан-Ресей шекарасында көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Қазақстан-Ресей шекарасында көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Шекарадағы өткізу бекеттерінің алдында кептеліс пайда болған 30.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-30T15:24+0500
2024-03-30T15:24+0500
2024-03-30T15:44+0500
қоғам
шекара
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25437113_0:155:1600:1055_1920x0_80_0_0_141bb1c02b9c055321c71b33e5c1bee8.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Су тасқынына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында автокөлік қозғалысы шектелуі мүмкін, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.ҰҚК Шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу бекеттерінің алдында кептеліс пайда болғанын хабарлайды және қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағдарын түзетуге кеңес берді.Сондай-ақ ІІМ баспасөз қызметі Қарағанды облысында полиция су басқан жерлердегі жол қауіпсіздігін тәулік бойы бақылап отырғанын хабарлады.Республикалық және облыстық жолдар мен жергілікті тас жолдардың 10 учаскесі ерекше бақылауда. Осы маңызды жұмысқа жеке құрамның 86 қызметкері және 42 бірлік техника жұмылдырылды. Облыс жолдарында шамамен 350 жеңіл көлік, 320 жүк және 26 қоғамдық көлік, сондай-ақ, 3 мыңнан аса жолаушы қалып қойған.
https://sputnik.kz/20240330/tzhm-su-basqan-eldi-mekenderden-77-myn-adamdy-evakuatsiyalady-43302511.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25437113_130:0:1553:1067_1920x0_80_0_0_c061427a62162bcd44e37867b5634930.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара, су тасқыны
Қазақстан-Ресей шекарасында көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
15:24 30.03.2024 (жаңартылды: 15:44 30.03.2024) Шекарадағы өткізу бекеттерінің алдында кептеліс пайда болған
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Су тасқынына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында автокөлік қозғалысы шектелуі мүмкін, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
"Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы шектелуі мүмкін", - делінген хабарламада.
ҰҚК Шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу бекеттерінің алдында кептеліс пайда болғанын хабарлайды және қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағдарын түзетуге кеңес берді.
Сондай-ақ ІІМ баспасөз қызметі Қарағанды облысында полиция су басқан жерлердегі жол қауіпсіздігін тәулік бойы бақылап отырғанын хабарлады.
Республикалық және облыстық жолдар мен жергілікті тас жолдардың 10 учаскесі ерекше бақылауда. Осы маңызды жұмысқа жеке құрамның 86 қызметкері және 42 бірлік техника жұмылдырылды. Облыс жолдарында шамамен 350 жеңіл көлік, 320 жүк және 26 қоғамдық көлік, сондай-ақ, 3 мыңнан аса жолаушы қалып қойған.