https://sputnik.kz/20240330/tzhm-su-basqan-eldi-mekenderden-77-myn-adamdy-evakuatsiyalady-43302511.html
ТЖМ су басқан елді мекендерден 7,7 мың адамды эвакуациялады
ТЖМ су басқан елді мекендерден 7,7 мың адамды эвакуациялады
Sputnik Қазақстан
Республикалық жедел штабтың бақылауында – жеті облыс 30.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-30T13:56+0500
2024-03-30T13:56+0500
2024-03-30T13:56+0500
қоғам
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1d/43276153_0:143:1280:863_1920x0_80_0_0_fb42f06aec259da7a5d354c438e0fec5.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Азаматтық қорғаныс қызметтері су тасқыны басталғалы бері республика бойынша 7 783 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның ішінде 2 800 бала бар.Уақытша қоныстану пунктеріне 3 131 адам, оның ішінде 1093 бала жеткізілді, деп хабарлайды ТЖ министрлігі.Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарында 6 мыңнан астам адам, 3000 бірлік техника және 12 әуе кемесі жұмылдырылды.Жеті облыс республикалық жедел штабтың бақылауында: Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары.Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 644 адам, оның ішінде 236 бала құтқарылды.ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 3,5 миллионнан астам текше метр еріген су сорылды, 300 мыңнан астам қапшық және 45 мың тонна инертті материал төселді.Психологиялық және ақпараттық қолдау және көмек көрсету үшін еліміздің 6 өңірінде тәулік бойы ТЖМ "қауырт желі" телефондары жұмыс істейді:
https://sputnik.kz/20240330/toqaev-eldegi-su-tasqyny-zhagdayy-boyynsha-zhinalys-otkizedi-43297353.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1d/43276153_0:23:1280:983_1920x0_80_0_0_f2f4aad9d648513ff8a3c1fd42d78c28.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
ТЖМ су басқан елді мекендерден 7,7 мың адамды эвакуациялады
Республикалық жедел штабтың бақылауында – жеті облыс
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Азаматтық қорғаныс қызметтері су тасқыны басталғалы бері республика бойынша 7 783 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның ішінде 2 800 бала бар.
Уақытша қоныстану пунктеріне 3 131 адам, оның ішінде 1093 бала жеткізілді, деп хабарлайды ТЖ министрлігі.
Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарында 6 мыңнан астам адам, 3000 бірлік техника және 12 әуе кемесі жұмылдырылды.
Жеті облыс республикалық жедел штабтың бақылауында: Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары.
Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 644 адам, оның ішінде 236 бала құтқарылды.
ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 3,5 миллионнан астам текше метр еріген су сорылды, 300 мыңнан астам қапшық және 45 мың тонна инертті материал төселді.
Психологиялық және ақпараттық қолдау және көмек көрсету үшін еліміздің 6 өңірінде тәулік бойы ТЖМ "қауырт желі" телефондары жұмыс істейді:
Астана қаласы: 8 (7172) 704-114
Ақтөбе облысы ТЖД: 8 (7132) 548-657
БҚО ТЖД: 8 (7112) 554-088
Қостанай облысы ТЖД: 8 (7142) 501-960
Ақмола облысы ТЖД: 8 (7162) 551-484
Қызылорда облысы ТЖД: 8 (7242) 244-161.