АСТАНА, 20 наурыз - Sputnik. Агенттік "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасын іске асырып жатыр.
"IT құралдарын пайдалана отырып, қаржы пирамидаларының құрылған сәтінен бастап, ерте анықтау үшін әлеуметтік желілерге талдау жүргізілуде. Биыл бұғаттауға 600 мың адам аудиторияны қамтыған, мыңға жуық қаржы пирамидаларының белгілері бар сайттар мен шоттардың сілтемесі жіберілді", - делінген хабарламада.
Соңғы алты айда интернет желісінде 36 қаржы пирамидасы анықталды. Олар бойынша "WhatsApp", "Telegram" әлеуметтік желілерінде 200 чат анықталған. Бүгінгі таңда 182 чат бұғатталды.
Осылайша, 126 мың азаматтың одан әрі қаржылық шығындарының алды алынды. 73 мың аудиториясы бар 7 ірі шетелдік жоба бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бір пирамида бойынша сот үкімі бар.
"Сонымен қатар, оларды толығымен жою үшін агенттік қаржы пирамидаларын ұйымдастырды деген күдіктілердің орналасқан жері жайлы ақпаратпен ТМД бойынша әріптестерін хабардар етті", - дейді ведомстводағылар.