https://sputnik.kz/20240320/qarzhy-piramidasyn-anyqtaudyn-zhana-zhuyesi-iske-qosyldy-43026695.html
Қаржы пирамидасын анықтаудың жаңа жүйесі іске қосылды
Қаржы пирамидасын анықтаудың жаңа жүйесі іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі күні агенттік әлеуметтік желідегі 182 чатты бұғаттады 20.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-20T11:37+0500
2024-03-20T11:37+0500
2024-03-20T11:37+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/314/90/3149063_0:181:2997:1866_1920x0_80_0_0_6a0896969554e799f996ade07d1a029c.jpg
АСТАНА, 20 наурыз - Sputnik. Агенттік "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасын іске асырып жатыр. Соңғы алты айда интернет желісінде 36 қаржы пирамидасы анықталды. Олар бойынша "WhatsApp", "Telegram" әлеуметтік желілерінде 200 чат анықталған. Бүгінгі таңда 182 чат бұғатталды. Осылайша, 126 мың азаматтың одан әрі қаржылық шығындарының алды алынды. 73 мың аудиториясы бар 7 ірі шетелдік жоба бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бір пирамида бойынша сот үкімі бар."Сонымен қатар, оларды толығымен жою үшін агенттік қаржы пирамидаларын ұйымдастырды деген күдіктілердің орналасқан жері жайлы ақпаратпен ТМД бойынша әріптестерін хабардар етті", - дейді ведомстводағылар.
https://sputnik.kz/20220712/toqaev-qarzhy-piramidasy-zan-26083650.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/314/90/3149063_132:0:2863:2048_1920x0_80_0_0_93640187f4d7e10d34ef84489340d0a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
Қаржы пирамидасын анықтаудың жаңа жүйесі іске қосылды
Бүгінгі күні агенттік әлеуметтік желідегі 182 чатты бұғаттады
АСТАНА, 20 наурыз - Sputnik. Агенттік "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасын іске асырып жатыр.
"IT құралдарын пайдалана отырып, қаржы пирамидаларының құрылған сәтінен бастап, ерте анықтау үшін әлеуметтік желілерге талдау жүргізілуде. Биыл бұғаттауға 600 мың адам аудиторияны қамтыған, мыңға жуық қаржы пирамидаларының белгілері бар сайттар мен шоттардың сілтемесі жіберілді", - делінген хабарламада.
Соңғы алты айда интернет желісінде 36 қаржы пирамидасы анықталды. Олар бойынша "WhatsApp", "Telegram" әлеуметтік желілерінде 200 чат анықталған. Бүгінгі таңда 182 чат бұғатталды.
Осылайша, 126 мың азаматтың одан әрі қаржылық шығындарының алды алынды. 73 мың аудиториясы бар 7 ірі шетелдік жоба бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бір пирамида бойынша сот үкімі бар.
"Сонымен қатар, оларды толығымен жою үшін агенттік қаржы пирамидаларын ұйымдастырды деген күдіктілердің орналасқан жері жайлы ақпаратпен ТМД бойынша әріптестерін хабардар етті", - дейді ведомстводағылар.