https://sputnik.kz/20220712/toqaev-qarzhy-piramidasy-zan-26083650.html
Тоқаев қаржы пирамидасы туралы заңға қол қойды
Тоқаев қаржы пирамидасы туралы заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық)... 12.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-12T17:25+0500
2022-07-12T17:25+0500
2022-07-12T17:25+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/62/14196292_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_22f4af911434962789012ae2241dd2fc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.Заң қаржы пирамидаларын жарнамалағандар үшін жауапкершілікті қатаңдатуды қарастырады.Бұған дейін мәжілістің жалпы отырысында депутат Юрий Ли заң қабылданғаннан кейін танымал адамдар, блогерлер мен вайнерлер қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан болатын.Депутат қаржы пирамидаларын жарнамалау бойынша Қылмыстық кодекске 217.1 бап енгізілетінін атап өтті."Бұл баптың 1 тармағы бойынша 2000 АЕК-ке дейін (6 миллион теңгеден астам) айыппұл салу немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту және екі жылға дейін бас бостандығын шектеу көзделген. Ал 4-тармақта қылмыстық жаза қарастырылған – мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады", - деді Юрий Ли.Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/62/14196292_331:0:1831:1125_1920x0_80_0_0_f59ef6f75ab47afe3602841a10007803.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заң қаржы пирамидаларын жарнамалағандар үшін жауапкершілікті қатаңдатуды қарастырады.
Бұған дейін мәжілістің жалпы отырысында депутат Юрий Ли заң қабылданғаннан кейін танымал адамдар, блогерлер мен вайнерлер қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Депутат қаржы пирамидаларын жарнамалау бойынша Қылмыстық кодекске 217.1 бап енгізілетінін атап өтті.
"Бұл баптың 1 тармағы бойынша 2000 АЕК-ке дейін (6 миллион теңгеден астам) айыппұл салу немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту және екі жылға дейін бас бостандығын шектеу көзделген. Ал 4-тармақта қылмыстық жаза қарастырылған – мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады", - деді Юрий Ли.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.