Маңғыстаудағы ереуіл: Westoil Softwar компаниясы 50 адамды жұмыстан шығарды

Компания сот ереуілді заңсыз деп танығаннан кейін осындай шешім қабылдаған
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Westoil Software ЖШС үш ай бойы ереуілдеген 50 жұмысшымен еңбек шартын бұзып жатыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Компания бүгіннен бастап ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешіміне сүйене отырып, өндірістік қажеттілікке байланысты 50 қызметкермен еңбек шартын бұзып жатқанын хабарлауға мәжбүр",-делінген хабарламада.
Бос жұмыс орындарына жаңа қызметкерлерді жалдау басталып жатыр. Компания бұл шара "жұмыспен қамту саласындағы заңнамаға толық сай келеді" деп мәлімдейді.
"Жұмысқа қабылдау жүргізілгенге дейін, жұмыстан шығарылған қызметкерлер келісім комиссиясы арқылы жұмысқа қайта оралуына мүмкіндіктері бар. Біз заңсыз ереуілге қатысушылардың барлығын өз жұмыс орындарына оралған әріптестерінен үлгі алуға шақырамыз", - деді ЖШС.
Бұған дейін Маңғыстаудағы Westoil Softwar компаниясының 120-дан астам қызметкері ереуілді тоқтатып, жұмыс орнына оралғаны хабарланған болатын. Қалғандары әлі де ереуілді жалғастырып жатыр.
Компания оказывает транспортные услуги на месторождении Жетыбай (где добывает нефть дочка "КазМунайГаза").
Компания Жетібай кен орнында ("Қазмұнайгаздың" еншілес компаниясы мұнай өндіретін) көлік қызметін көрсетеді. Жұмысшылар компанияны "ҚазМұнайГаз" құрамына қосуды және жалақыны ҚМГ деңгейіне жеткізуді талап еткен.
Маңғыстау облысындағы ереуіл: "West Oil Software" ЖШС басшылығы мәлімдеме жасады