Маңғыстаудағы ереуіл: Westoil Softwar қызметкерлерінің бір бөлігі жұмысына оралды

© Sputnik / Ертай Сарбасов Жұмысшылардың каскасы
Жұмысшылардың каскасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2024
Жазылу
Компания қалған жұмысшылар акцияны тоқтатпаған жағдайда жұмыстан босатылатынын ескертті
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Маңғыстау облысындағы Westoil Softwar компаниясының 120-дан астам қызметкері ереуілді тоқтатып, жұмыс орнына оралды. Қалғандары ереуілді жалғастырып жатыр. Компания оларды жұмысқа қайта кірісіп, мәселені бірге шешуге шақырды, олай болмаған жағдайда жұмыстан шығарылады, деп жазды Inaktau.kz.
"Ереуілдеушілердің көпшілігі мұны өз еркімен емес, деструктивті элементтердің қысымымен жасайтынын біз білеміз. Сонымен қатар қазіргі уақытта жаңа персоналды жалдауға ішкі дайындық басталғанын хабарлаймыз",- деді компания.
Бұған дейін компания Жетібай кен орнында көлік қызметтерін көрсететіні хабарлаған болатын. Жұмысшылар компанияны "ҚазМұнайГаз" құрамына қосуды және жалақыны ҚМГ деңгейіне жеткізуді талап етіп отыр.
ҚМГ олардың ең төменгі жалақысы 380 мың теңге, орташа жалақысы 735 мың теңге, ең жоғары жалақысы 890 мың екенін айтты.
Қосымша жұмыс істегендерге еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері үшін ақы төленеді.
Жұмыс беруші тарапынан еңбекақы және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелер орындалады.
"Ереуілдің бір күні үшін "Маңғыстаумұнайгазға" күніне 23 миллион теңге зиян келеді, ереуіл басталғаннан бері шығын 1 миллиард теңгеден асты", - деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ.
Осыған байланысты жұмыс беруші заңнамаға сәйкес ереуілге қатысушылармен еңбек қатынасын біржақты тәртіппен тоқтату туралы мәселені қарайтынын айтты.
Сондай-ақ ҚМГ еншілес ұйымдарда қосымша штат ашпайды және жаңа еншілес ұйым құрмайды.
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2023
Маңғыстау облысындағы ереуіл: "West Oil Software" ЖШС басшылығы мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0