Маңғыстау облысындағы ереуіл: "West Oil Software" ЖШС басшылығы мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуКаски рабочих, архивное фото
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2023
Жазылу
"West Oil Software" ЖШС басшылығы компания ұжымдық шарт пен еңбек заңнамасының талаптарын толық көлемде орындайтынын айтты
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. "West Oil Software" жұмысшылар сегізінші күн қатарынан ереуілдеп жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.
"West Oil Software" ЖШС "ОТК" ЖШС мен "WOS" ЖШС арасында 2027 жылға дейін қолданыстағы ұзақ мерзімді шарт бар екенін айтты.
"Компания өз міндеттемелерін ереуілге шыққан қызметкерлердің болса да, болмаса толық көлемде орындайды. Заңсыз ереуілге байланысты мұнай ұңғымаларында апат қаупі бар, бұл қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Сонымен қатар тапсырыс берушіге айтарлықтай экономикалық зиян келтіруі мүмкін. Ереуілге байланысты компания күн сайын келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін 23 млн теңгеден астам шығынға ұшырайды", - деп хабарлайды компания басшылығы.
Сондай-ақ "West Oil Software" ЖШС басшылығы компания ұжымдық шарт пен еңбек заңнамасының талаптарын толық көлемде орындайтынын айтты.
"Компания қызметкерлері басқа мұнай сервистік кәсіпорындардың жалақысынан да көп еңбекақы алады. Ереуілшілердің дәлелдері шындыққа жанаспайды. Қызметкерлердің талаптары заңнамаға сәйкес қаралды. Компания қызметкерлерді ҚМГ құрамына ауыстыру және қызметкерлердің жалақысын ҚМГ еңбекақысының бірыңғай жүйесі (ҚМГ ЕСОТ) деңгейіне келтіру туралы талаптарды орындауға қарсы, өйткені бұл мәселелер жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы еңбек дауының мәні бола алмайды. Компания материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша "ОТК" ЖШС және ҚМГ ұсыныстарын қолдайды, - делінген "West Oil Software"ЖШС басшылығының хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстаудағы екі кен орнында қызмет көрсететін көлік компаниясы жұмысшыларының ереуілі 11 желтоқсанда басталған болатын. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының өкілдері болып жатқан оқиғаларға өз бағаларын ресми түрде білдірді.
"Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС бас директоры ереуілге шыққан мұнайшылардың қанша алатынын айтып берді. Сондай-ақ ереуілшілердің көпшілігі 2018 жылы компанияда жұмыс істегенін, бірақ "5/50" бағдарламасы бойынша өтемақы алғанын және өз еркімен жұмыстан шыққанын айтты. Қарақия аудандық соты ереуілді заңсыз деп таныды.
Жаңалықтар
0