Мемлекеттік қызметте командамен көшу үрдісі тыйылмай тұр – Тоқаев тапсырма берді

Президент агенттік басшысына үдкен жауапкершілік жүктелетінін айтты
Sputnik
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметте командамен көшу үрдісі әлі де тыйылмай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы президент әкімшілігіне және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке бұл мәселені қатаң бақылауға алуды, мұндай әрекеттерге батыл тосқауыл қоюды тапсырды.

"Жалпы, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке заң жүзінде қосымша құзырет беру қажет деп санаймын. Олар еліміздегі кадр саясатына конструктивті тұрғыдан ықпал ете алуға тиіс. Әрине, бұл агенттік басшылығына айрықша жауапкершілік жүктейді", – деді Тоқаев президенттік жастар кадр резервінің форумында.

Бүгінгі форумда президент резервті құруға мол үлес қосқан экс-басшынының еңбегін ерекше атап өтті.
Тоқаев: мемлекеттік қызмет – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес