Тоқаев: мемлекеттік қызмет – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес

© Sputnik / Владислав ВодневСирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год
Сирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Жазылу
Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенеді, деді президент
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Мемлекеттік аппаратты жаңғыртып, бюрократиядан барынша арылту үшін жүйелі жұмыс жалғасады. Біз қоғамның барлық өкілінің талап-тілектеріне жауап беретін озық мемлекет құруымыз керек. Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады", - деді Тоқаев.
Оның пікірінше, мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуға тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі.
"Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек. Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз", - деп толықтырды президент.
Ол конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашатынын атап өтті. Парламент пен үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет.
Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн.
"Біз қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін көріп отырмыз. Елімізге азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс", - деп түйіндеді Тоқаев.
Оның айтуынша, заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс.
Ұлытау - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Президент ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы қай жерде өтетінін айтты
Жаңалықтар
0