Президент ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы қай жерде өтетінін айтты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҰлытау
Ұлытау - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлытауда ұйымдастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президент референдумның қорытындысы бойынша халыққа бейнеүндеу жолдап, қазіргі реформалар құр атақ-абырой үшін қолға алынбағанын ерекше атап өтті. Бұның бәрі Жаңа, Әділетті Қазақстан құру үшін жасалып жатыр.
Осы орайда мемлекет басшысы "кеңесіп пішкен тон келте болмас" деген нақыл сөзді еске алды.
"Бабаларымыз маңызды мәселені алқалы жиында шешкен. Мен осы дәстүрді жаңғыртып, Ұлттық құрылтай құру туралы бастама көтердім. Оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылады. Құрылтайдың алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өткізіледі. Осылайша, азаматтардың мемлекет ісіне атсалысу мүмкіндігі арта түседі. Шын мәнінде, еліміздің тағдыры – әрқайсымыздың қолымызда”, - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін түбірімен жаңғырта білуіміз керек. Сонда ғана барлық салада түбегейлі өзгеріс жасай аламыз.
"Жаңа Қазақстанның ең басты байлығы – халық. Ал, ең негізгі мақсаты – азаматтардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету. Әрбір азаматымыз саяси өзгерістер мен экономикалық өсімнің жемісін көруі қажет. Құрғақ уәде мен бос сөз ешқайда апармайды. Мен үшін нақты іс пен шынайы өзгеріс бәрінен маңызды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бар күш-жігерімді саламын", - деп атап көрсетті ол.
Ал референдумның қорытындысымен ел тарихында мүлде жаңа дәуір басталады. Себебі халық өз таңдауын білдіру арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауды қалайтынын көрсетті. Жасампаз ел болуға деген ықылас-ынтасын байқатты.
"Елімізді дамыту үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін. Бүгін тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында жаңа дәуірге жол ашылды. Осы жолда бірлігіміз әрдайым бекем болсын!", - деп түйіндеді президент.
Касым-Жомарт Токаев на избирательном участке - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2022
Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді – Тоқаев
Жаңалықтар
0