https://sputnik.kz/20220606/konstitutsiyalyq-tuzetuler-toqaev-25354386.html
Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді – Тоқаев
Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев... 06.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-06T19:15+0500
2022-06-06T19:15+0500
2022-06-06T19:32+0500
қасым-жомарт тоқаев
референдум
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25305814_0:93:3071:1820_1920x0_80_0_0_17728b46f9cd835665fa8b29f0a1e37d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Президент конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланғанын атап өтті. Айтуынша, дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ."Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік", - деп толықтырды мемлекет басшысы.Оның айтуынша, Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді.Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халыққа зор ризашылығын білдірді. Сондай-ақ конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/05/25305814_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_786ff0d488fe2867110790f1a8ec7ee4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, референдум
қасым-жомарт тоқаев, референдум
Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді – Тоқаев
19:15 06.06.2022 (жаңартылды: 19:32 06.06.2022) НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
"Кеше елімізде айрықша мәні бар тарихи оқиға болды. Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр", - деді Тоқаев.
Президент конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланғанын атап өтті. Айтуынша, дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ.
"Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халыққа зор ризашылығын білдірді. Сондай-ақ конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтты.