Тоқаев өмірден өткен агенттік басшысының еңбегін ерекше атап өтті

© Photo : Официальный сайт парламента РКАнар Жаилганова
Анар Жаилганова - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар кадр резервінің форумында осы резервті құруға мол үлес қосқан экс-басшынының еңбегін ерекше атап өтті, деп хабарлады Ақорда.
Президент мемлекет басқару ісіне ойы ұшқыр, білімі озық, сана-сезімі терең, нағыз отаншыл азаматтар көптеп келуі керектігін тағы бір мәрте еске салды. Ал президенттік жастар кадр резерві дәл осындай талапты жастарға бірегей мүмкіндік береді.
"Бүгінде резервте 400 маман бар. Соның 280-і, яғни 70 пайызы орталық және жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарға тағайындалды. Бірқатары квазимемлекеттік секторда және бизнес саласында еңбек етіп жүр. Осы орайда мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Жайылғанова кезінде осы бастаманы жүзеге асыруға мол үлес қосқанын атап өткім келеді", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы елімізде ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанын, ал форумқа қатысып жатқан жалынды жастары осы өзгерістердің қозғаушы күшіне, мықты тірегіне айналуы керек екенін де жеткізді.
Айта кетері, биыл 12 ақпанда мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Жайылғанова 55 жасында қайтыс болды.
Жаңалықтар
0