Алматыда жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Алматы полициясы жойқын жер сілкінісі болатыны туралы жалған ақпарат таратқан әйелді анықтады
Sputnik
АЛМАТЫ, 26 қаңтар - Sputnik. Алматыда 23 қаңтардағы жер сілкінісінен кейін тағы да жойқын зілзала болатыны туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды.
Әйелдің жеке басы анықталып, жауапқа тартылды.
Полицейлер әйел хабарламасында қала тұрғындары арасында дүрбелең тудырып қана қоймай, қала аумағынан тезірек кетуге шақырғанын айтты. Онсыз да үреймен жүрген алматылықтар үшін мұндай ақпарат тіпті ауырға соққан.
Қазіргі уақытта күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі - "Бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша жауапқа тартылады.
Кінәсі дәлелденгендер қомақты айыппұлдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жазалануы мүмкін.
Алматы облысында жер сілкінгенде мектеп қабырғаларындағы бұрынғы жарықшақтар үлкейіп кетті