Алматыда жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

© Photo : Pixabay / PexelsСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2024
Жазылу
Алматы полициясы жойқын жер сілкінісі болатыны туралы жалған ақпарат таратқан әйелді анықтады
АЛМАТЫ, 26 қаңтар - Sputnik. Алматыда 23 қаңтардағы жер сілкінісінен кейін тағы да жойқын зілзала болатыны туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды.
Әйелдің жеке басы анықталып, жауапқа тартылды.
Полицейлер әйел хабарламасында қала тұрғындары арасында дүрбелең тудырып қана қоймай, қала аумағынан тезірек кетуге шақырғанын айтты. Онсыз да үреймен жүрген алматылықтар үшін мұндай ақпарат тіпті ауырға соққан.
Қазіргі уақытта күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі - "Бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша жауапқа тартылады.
Кінәсі дәлелденгендер қомақты айыппұлдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жазалануы мүмкін.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайыпов ауылында жаңа мектептің қабырғасы қақырап кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2024
Алматы облысында жер сілкінгенде мектеп қабырғаларындағы бұрынғы жарықшақтар үлкейіп кетті
Жаңалықтар
0