Алматы облысында жер сілкінгенде мектеп қабырғаларындағы бұрынғы жарықшақтар үлкейіп кетті
13:24 26.01.2024 (жаңартылды: 13:46 26.01.2024)
© Айдана ДайыроваАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайыпов ауылында жаңа мектептің қабырғасы қақырап кетті
© Айдана Дайырова
Жазылу
Басшылық бұған зілзала кінәлі дейді. Алайда жарықшақ мектеп салынған соң бір жылдан кейін пайда болған
АЛМАТЫ, 26 қаңтар - Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайыпов ауылында жаңа мектептің қабырғасы қақырап кетті. Sputnik Қазақстан тілшісі білім ошағының жағдайын барып көрді.
© Айдана ДайыроваАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайыпов ауылында жаңа мектептің қабырғасы қақырап кетті
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайыпов ауылында жаңа мектептің қабырғасы қақырап кетті
© Айдана Дайырова
Алматыдан 100 шақты шақырым жерде орналасқан Қайыпов ауылындағы Қазақстан орта мектебінің салынғанына 10 жыл да болмаған. Бүгінде 560-тан астам оқушы оқиды.
Мектеп салына салып, бір жылдан соң асханасының керегесінде жарықшақ пайда болған.
© Айдана ДайыроваАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайыпов ауылында жаңа мектептің қабырғасы қақырап кетті
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайыпов ауылында жаңа мектептің қабырғасы қақырап кетті
© Айдана Дайырова
"Мектептің құрылысы 2014 жылы басталып, 2015 жылы пайдалануға берілді. 564 оқушы оқиды. Бұрын іргетасы отырып, сәл ғана жарықшақ болған. Жер сілкінген соң жарықшақ тіпті үлкейіп кетті", - дейді қабырғасы қақыраған "Қазақстан орта мектебінің" директоры Нұрмағамбет Жұмаділов.
Жарықшақ асханада, мектептің басқа жері бүтін дейді мектеп басшылығы.
"Мен өзім 2018 жылы директор болып келдім. Ол кезде керегеде жарықшақ болды, біз акт толтырып, тиісті құжаттарды өткізгенбіз. Ол кісілер келіп көріп кеткен", - дейді директор.
Келіп көріп кеткен, бірақ сол күйі шара қолданылмаған. Қазіргі күні қақыраған қабырғаның арасынан саусақ емес қол сыйып кетеді.
"Бұл жарықшақтар мектеп салынған соң бір жылдан кейін пайда болды. Оны бәрі біледі. Асхана қоймасының ғана қабырғасында жарықшақ бар. Ал балалар тамақ ішетін жерінде еш ақау жоқ", - дейді аспазшылар.
© Айдана ДайыроваАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайыпов ауылында жаңа мектептің қабырғасы қақырап кетті
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайыпов ауылында жаңа мектептің қабырғасы қақырап кетті
© Айдана Дайырова
Күні кеше мектепке аудандық төтенше жағдай бөлімінің мамандары келіп тексеріп кетіпті. Мектептің алдағы тағдыры солардың қорытындысынан кейін белгілі болады.