АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Жапонияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 100 адамға дейін өсті. Бұл туралы премьер-министр Фумио Кисида мәлімдеді.
Тағы 211 тұрғын хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды "24KZ".
Құтқару топтары бұзылған жолдардан шалғай аудандарға әрең жетіп жатыр. Салдарынан азық-түлік пен суды эвакуациялық орталықтарға жеткізу қиындап тұр. Қанша шығын келгені әлі белгісіз.
Жапонияның орталық бөлігінің тұрғындары әлі күнге дейін жарықсыз және сусыз отыр. Ал жүздеген адам көшкін салдарынан және жолдардың бітелуіне байланысты гуманитарлық көмек ала алмай жатыр.