Әлем

Жапониядағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 100-ге жетті

© AFP 2024 / STRЖапониядағы жер сілкінісі
Жапониядағы жер сілкінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2024
Жазылу
Жолдар бұзылып, құтқарушылар шалғай аудандарға жете алмай жатыр
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Жапонияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 100 адамға дейін өсті. Бұл туралы премьер-министр Фумио Кисида мәлімдеді.
Тағы 211 тұрғын хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды "24KZ".
Құтқару топтары бұзылған жолдардан шалғай аудандарға әрең жетіп жатыр. Салдарынан азық-түлік пен суды эвакуациялық орталықтарға жеткізу қиындап тұр. Қанша шығын келгені әлі белгісіз.
Жапонияның орталық бөлігінің тұрғындары әлі күнге дейін жарықсыз және сусыз отыр. Ал жүздеген адам көшкін салдарынан және жолдардың бітелуіне байланысты гуманитарлық көмек ала алмай жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2024
Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты
Жаңалықтар
0