https://sputnik.kz/20240103/toqaev-zhaponiya-premer-ministrine-konil-aytty-41353724.html
Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты
Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты
Sputnik Қазақстан
Соңғы мәлімет бойынша Жапонияда жер сілкінісінен қайтыс болғандардың саны 73 адамға жетті 03.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-03T18:11+0500
2024-01-03T18:11+0500
2024-01-03T18:15+0500
жапония
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19061371_3:0:3000:1686_1920x0_80_0_0_0f8fe215a032cf5a47e664d87638fb82.jpg
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның батысындағы Ното түбегінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Фумио Кишидаға көңіл айтты.Президент табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.Соңғы мәлімет бойынша Жапонияның Исикава префектурасында жер сілкінісінен қайтыс болғандардың саны 73 адамға жетті.Жапонияның батысында жаңа жылдың бірінші күнінде бірқатар күшті жер сілкінісі болды, ең күшті магнитуда 7,6-ға жетті. Оларға "Ното түбегіндегі жер сілкінісі" деген атау берілді. Жер дүмпуі Осака, Киото және Токиода да қатты сезілді.Жапонияның негізгі метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, бұл жолғы зілзала 1885 жылдан бері бұл аймақтағы ең күшті жер дүмпуі болды.
жапония
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19061371_626:0:2874:1686_1920x0_80_0_0_ec71b9a71d8cc97d3ae6d1bd8dae96b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жапония, жер сілкінісі
Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айтты
18:11 03.01.2024 (жаңартылды: 18:15 03.01.2024) Соңғы мәлімет бойынша Жапонияда жер сілкінісінен қайтыс болғандардың саны 73 адамға жетті
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның батысындағы Ното түбегінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Фумио Кишидаға көңіл айтты.
"Еліңізде орын алған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.
Президент табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.
Соңғы мәлімет бойынша Жапонияның Исикава префектурасында жер сілкінісінен қайтыс болғандардың саны 73 адамға жетті.
Жапонияның батысында жаңа жылдың бірінші күнінде бірқатар күшті жер сілкінісі болды, ең күшті магнитуда 7,6-ға жетті. Оларға "Ното түбегіндегі жер сілкінісі" деген атау берілді. Жер дүмпуі Осака, Киото және Токиода да қатты сезілді.
Жапонияның негізгі метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, бұл жолғы зілзала 1885 жылдан бері бұл аймақтағы ең күшті жер дүмпуі болды.