Қоғам

"Майқайыңалтын" шахтасындағы апат: екі адам әлі табылған жоқ

Шахтаның жанында жер опырылып, құтқарушылар мінген автобус құлап кеткен болатын
Sputnik
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында "Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
"Опырылу орнында әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекаралары тұрақты емес. Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев жүр.
Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары тартылды. Оқиға орнында барлығы 116 адам және ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, "103" қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" кенішінде төтенше жағдай болды. Шахта жанында жер опырылып, 4 адам мінген автобус тереңдігі 150 метр шұңқырға құлап кеткен.
Апат кезінде автобуста 4 адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.
4 қаңтар күні іздестіру-құтқару жұмыстары барысында екі құтқарушының денесі табылды.
Павлодар облысында автобус жер астына құлап кетті: екі адамның денесі табылды