https://sputnik.kz/20240105/mayqayynaltyn-shakhtasyndagy-apat-eki-adam-ali-tabylgan-zhoq-41384885.html
"Майқайыңалтын" шахтасындағы апат: екі адам әлі табылған жоқ
"Майқайыңалтын" шахтасындағы апат: екі адам әлі табылған жоқ
Sputnik Қазақстан
Шахтаның жанында жер опырылып, құтқарушылар мінген автобус құлап кеткен болатын 05.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-05T09:35+0500
2024-01-05T09:35+0500
2024-01-05T09:35+0500
қоғам
шахта
апат
https://sputnik.kz/img/07e8/01/05/41384426_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_4b42c633fd810ff4ea7faa3e46faf632.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында "Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев жүр.Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары тартылды. Оқиға орнында барлығы 116 адам және ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, "103" қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды.Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" кенішінде төтенше жағдай болды. Шахта жанында жер опырылып, 4 адам мінген автобус тереңдігі 150 метр шұңқырға құлап кеткен. Апат кезінде автобуста 4 адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.4 қаңтар күні іздестіру-құтқару жұмыстары барысында екі құтқарушының денесі табылды.
https://sputnik.kz/20240104/pavlodar-oblysynda-avtobus-zher-astyna-qulap-ketti-eki-adamnyn-denesi-tabyldy-41364578.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/05/41384426_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_9c47a7bc62ae9db49c04005898a7f062.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта, апат
"Майқайыңалтын" шахтасындағы апат: екі адам әлі табылған жоқ
Шахтаның жанында жер опырылып, құтқарушылар мінген автобус құлап кеткен болатын
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында "Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
"Опырылу орнында әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекаралары тұрақты емес. Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев жүр.
Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары тартылды. Оқиға орнында барлығы 116 адам және ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, "103" қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" кенішінде төтенше жағдай болды. Шахта жанында жер опырылып, 4 адам мінген автобус тереңдігі 150 метр шұңқырға құлап кеткен.
Апат кезінде автобуста 4 адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.
4 қаңтар күні іздестіру-құтқару жұмыстары барысында екі құтқарушының денесі табылды.