Павлодар облысында автобус жер астына құлап кетті: екі адамның денесі табылды

© Photo : pavlodarnews.kzАвтобус с людьми провалился в воронку возле шахты
Автобус с людьми провалился в воронку возле шахты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
Павлодар облысында адамдар мінген автобус жер астына құлап кетті. Апат кезінде автобуста 4 адам болған
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы Майқайың кен орнының аумағында жұмысшылар мінген автобус шұңқырға құлап, адамдар мерт болды. Екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы.
Қазіргі уақытта құтқару операциясы әлі де жалғасып жатыр.
"Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларының күшімен қаза тапқан екі әріптесіміздің денесі құм астынан табылғанын өкінішпен хабарлаймыз. Оларды жер бетіне көтеру жұмыстары жүріп жатыр. Автобус табылған жоқ, іздеу жұмыстары жалғасуда", - дейді ведомство.
Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының ұжымы қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады.
"Бұл қайғылы оқиға бәріміз үшін үлкен соққы және орны толмас шығын болды. Біздің мекеме қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті қолдауды көрсетеді, зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды", - деп мәлімдеді штаб.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында адамдар мінген автобус жер астына құлап кетті. Апат кезінде автобуста 4 адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.
Автобус с людьми провалился в воронку возле шахты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Павлодар облысында адамдар мінген автобус жердің астына құлап кетті
Жаңалықтар
0