АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" автожолының "Теректі" учаскесінде қар құрсауында қалған 48 жүк көлігінің жүргізушілері эвакуацияланды, деп хабарлады Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Бұрқасын қардан көлік жүре алмай, омбы қарға батып қалған.
"Азаматтарды эвакуациялау үшін шақырту орнына Достық станциясы 10-өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы жіберілді. 48 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойған. Беларусь елінің 40 және қазақстандық 8 жүк көлігінің жүргізушілері эвакуацияланды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Құтқарушылар азаматтарға жол жүрер бұрын сақтық шараларын естен шығармауды ескертті.