Жетісу облысында Беларусьтің 40 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойған

© Photo : Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментіЖетісу облысында құрсауында қалған 48 жүк көлігінің жүргізушілері эвакуацияланды
Жетісу облысында құрсауында қалған 48 жүк көлігінің жүргізушілері эвакуацияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" автожолының "Теректі" учаскесінде қар құрсауында қалған 48 жүк көлігінің жүргізушілері эвакуацияланды, деп хабарлады Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Бұрқасын қардан көлік жүре алмай, омбы қарға батып қалған.
"Азаматтарды эвакуациялау үшін шақырту орнына Достық станциясы 10-өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы жіберілді. 48 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойған. Беларусь елінің 40 және қазақстандық 8 жүк көлігінің жүргізушілері эвакуацияланды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Құтқарушылар азаматтарға жол жүрер бұрын сақтық шараларын естен шығармауды ескертті.
Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2024
Қоғам
150 рет дабылды ескерту жарияланған: Смайылов тапсырма берді
Жаңалықтар
0