Оралдағы жарылыс: 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлер науқастардың жағдайы өте ауыр дейді
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Оралда дәмханада болған жарылыстан кейін 4 адам жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсановтың мәліметінше, оқиға орнынан қалалық көпбейінді ауруханаға 6 адам жеткізілген. Біреуі амбулаториялық емге жіберілген. Жеңіл күйік алған бір адам осы аурухананың травмотолгия бөліміне жатқызылды.
"4 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Арасында бір науқастың оң иығы сынған. Миы шайқалған. Қалған үшеуінің денесін 15%-тен 52%-ке дейін күйік шалған. Жағдайы өте ауыр", - дейді Ерлан Тоқсанов.
Зардап шеккендердің екеуі Өзбекстан азаматы. Ауруханада жатқан бес адамның үшеуі ер, екеуі әйел адам.
Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар департаменті жарылыс болған жерден екі адамның мәйіті табылғанын хабарлаған болатын.
Оралдағы жарылыс: кафеде қайтыс болғандардың саны жарияланды